Заң мен тәртіп: Жетісайда рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді
"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Жетісай ауданында рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақсат – жол көлік оқиғаларының алдын алу, көлік жүргізу тәртібін нығайту. Яғни автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, тұрғындардың қауіпсіздігін басты орынға қоюды түсіндіру.
Осы бағытта полицейлер көлік көп жүретін жолда жолаушылар тасымалын бақылауды күшейтті. Ережелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал рейд барысында 100-ден астам құқық бұзушылық анықталып, 13 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Сонымен қатар полицейлер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жол қауіпсіздігі бойынша бейнероликтері мен QR-кодтары бар жадынамалар таратты.
Жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жетілдіру полиция назарында.