Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң мен тәртіпті сақтайық: ІІМ жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев барлық жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

- Құрметті отандастар! Жолдағы тәртіп бұл тек ереже емес, бұл — адамның өмірі. Әрқайсымыз — жүргізуші, жаяу жүргінші, ата-ана бұған жауаптымыз. Себебі жолда әр адамның артында тұтас отбасы, жақындары, тағдыры тұр.

Соңғы жылдары елімізде жол апаты салдарынан болған адам шығының саны екі есеге азайды. Бұл — қоғамның ортақ нәтижесі. Бірақ біздің түпкі мақсат — адам өлімін мүлде болдырмау. Бір де бір жан жолда қаза таппауы тиіс.

Сондықтан біз сіздерді қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды ұстануға шақырамыз:
— жылдамдықты асырмаңыз;
— мас күйде көлік жүргізбеңіз;
— жастарға үлгі болыңыз;
— өзге жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге құрметпен қараңыз.

Тәртіп — бұл шектеу емес, бұл қорған. Ол сізді және сіздің жақындарыңызды сақтайды. "Заң мен тәртіп" қағидаты жай ұран емес, бұл — әр азаматтың қауіпсіздігіне негіз болатын өмір салты. Заңға құрмет — қоғамға құрмет. Қауіпсіз жол — ортақ жауапкершілік. Әркім өз үлесін қосса, біз әрбір жолды шынымен қауіпсіз ете аламыз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру