Заңды білу – қауіпсіздік кепілі: Алматыда профилактикалық іс-шара өтті
Алматыда "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қала мектептерінің бірінің оқушылары мен Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, сондай-ақ Алмалы және Бостандық аудандарының ювеналдық полициясы қызметкерлері арасында кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға белгілі актерлар мен блогерлер қатысты, бұл жасөспірімдермен ашық және сенімді диалог құруға мүмкіндік берді. Жиын барысында бопсалау, бұзақылық, қорқыту сынды заңсыз әрекеттердің құқықтық аспектілері талқыланды.
Мектеп оқушыларына аталған қылмыстарды жасаудың мүмкін болатын құқықтық салдары түсіндірілді. Жасөспірімдердің құқықтық санасын дамыту, өз құқықтарын қорғай білу және қатарластары қысым көрген жағдайда жедел түрде көмекке жүгіну мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шараның өзіндік эмоционалды екпіні саналы және қауіпсіз таңдаудың жолы, Заңды құрметтеуден және өз ісіне жауапкершіліктен басталатынын көрсететін бейнероликтер болды.
Білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар Ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы аясында жүргізіліп, "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жүзеге асырылуда.