Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңды елемеген қызылордалық жүргізуші абақтыға қамалды

Заңды елемеген 28 жастағы қызылордалық абақтыға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні жергілікті уақыт 07:40 шамасында ВАЗ маркалы автокөлігі көлік құралының Жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын полиция қызметкерлері байқайды. Дереу тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 28 жастағы қала тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқтығы және алкоголь ішімдігін ішкені анықталды.

Ол 2019 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, алты жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Алайда бұл оқиға оған сабақ болмаған сияқты. Заңды елемей ол рөлге қайта отырған.

2020 жылы Қызылорда қаласының №2 қалалық мамандандырылған сотының үкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны бола тұра, алкогольді масаң күйде автокөлікті басқарғаны анықталды.

Жүргізуші қайта ұсталып, медициналық куәландыруға жеткізіліп, қортындысына сай көлікті «орташа масаң» күйінде басқарғаны анықталған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексінің 128-бабының талабына сай күдікті қатарына ұсталып, абақтыға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру