Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сатумен айналысқан ер адамдар ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі затын сақтап, сатты деген күдікпен үш тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, сырттай таныстары есірткі затын заңсыз сататындығын көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті.

Есірткі затын заңсыз сатып жүрген адамдарды құрықтау мақсатында Қазығұрт АПБ-де жедел тергеу тобы құрылды. Тиісті полицейлер жұмылдырылды. Барлық қажетті шаралар іске асырылды. Жедел уәкілдердің тиянақты істерінің нәтижесінде күдікті ретінде үш азамат ұсталды. Олар Қазығұрт ауданының тұрғындары болып шықты.

Күдіктілердің тұрғын үйлеріне тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде үш ер азаматтан есірткі затына ұқсас хош иісті өсімдік айғақты зат ретінде алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат 500 граммға жуық “марихуана” екені анықталды.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдіктілердің аталған есірткі затын не мақсатпен сақтағандарын анықтауда. Күдіктілердің бас шаралары қамауда.

Егер де сіз, есірткі бойынша қандай да бір ақпараттарды білсеңіз бірден полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде есірткіге байланысты қылмыстардың азаюы мен жолын кесуге септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру