Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Заңсыз келуші-2021»: Маңғыстауда 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Маңғыстауда “Заңсыз келуші – 2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Ағымдағы жылдың 5-12 шілде аралығында Маңғыстау облысы көлемінде “Заңсыз келуші – 2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – облыс аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, ел аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтау. Аталған іс-шараға ішкі істер органының 214 қызметкері жұмылдырылып, 33 бірлескен топ құрылып, сегіз күн ішінде 1 422 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған 50 шетелдік азамат анықталып, республика аумағынан шығарылса, қабылдау-тарату орынына 33 азамат қамалды.

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 1 030 шетелдік анықталса, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, яғни ҚР ӘҚБтК 518-бабы бойынша 365 ҚР азаматы жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, тартқаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 519 бабы) – 27 адам жауапқа тартылды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 8 шілдесі күні Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі қызметкерлерімен құрылыс нысанын тексеру барысында заңсыз жұмыс жасап жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматы анықталды. Бұл шетелдіктер ҚР-нің ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Біздің елде уақытша жүрген қонақтар заңдарды құрметтеуге және елде болу ережелерін бұзбауға міндетті. Сондықтан да, маңғыстаулық полицейлер шетелдіктерді және еліміздің азаматтарын республикамыздың көші-қон саласындағы заңнамаларын бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру