Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Заңсыз келуші – 2023»: Маңғыстауда үш күнде 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

«Заңсыз келуші – 2023» іс-шарасы барысында Маңғыстауда үш күнде 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19-25 маусым аралығында Маңғыстау облысы аумағында республикалық “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Шара мақсаты – көші-қон заңдылықтарын бұзған азаматтарды анықтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған.

Аталмыш іс-шараның алғашқы үш күнінде Маңғыстау облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы қызметкерлерімен 319 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 248 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке не заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы бойынша 64 Қазақстан азаматына әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар әкімшілік кодекстің 519-бабында көзделген ережелерді елемей, шетелдіктерді заңсыз жұмыс жасауға тартқаны үшін 7 құқық бұзушы анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды.

Бұдан бөлек, заң бұзушыларды ҚР аумағынан тысқары шығару туралы 17 сот үкімі шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру