Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Заңсыз келуші – 2023» ЖПІШ: Атырау облысында 200-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Атырау облысында «Заңсыз келуші – 2023» ЖПІШ аясында бір күннің ішінде 200-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон заңдылықтарын бұзған шетел азаматтарын анықтау және олардың жолын кесу, ҚР аумағынан өз еркілерімен шығу туралы сот қаулыларын орындамаған шетелдіктерді анықтап, оларды мәжбүрлі түрде елден шығару мақсатында Атырау облысы аумағында қазан айының 2-8 аралығында республикалық «Заңсыз келуші – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның бір күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 200-ге жуық шетел азаматтары анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 3,4,5,6,7-бөлімдерімен 151 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша 46 азамат жазаланды. Одан басқа, құқық бұзған 6 шетелдік азаматтық іс жүргізу және әкімшілік тәртібімен ҚР аумағынан шығарылып, жеке басын анықтайтын құжаттардың болмауына байланысты Өзбекстан Республикасының 16 азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру