“Заңсыз келуші – 2024” ЖПІШ: Қызылордада 350 заң бұзушылық анықталды
Қызылордада «Заңсыз келуші – 2024” ЖПІШ барысында 350 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қала аумағында “Заңсыз келуші – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу мақсаты – қала көлемінде заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сонымен қатар көші-қон қызметін бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған кешенді шаралар қабылдау.
Іс-шара барысында қала аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс шара аясында жалпы 350 заң бұзушылық анықталды.
Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 350 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 59 ҚР азаматы және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 11 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сот қаулысымен шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды.
Осыған байланысты, аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері нақты тапсырмалар бойынша тиісті ұйымдастырушылық шаралар қабылдады. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.