Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Заңсыз келуші - 2025": Атырау облысында 33 шетелдік елден шығарылды

Атырау облысында "Заңсыз келуші - 2025" іс-шарасы аясында 33 шетелдік елден шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында 16-20 маусым аралығында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық "Заңсыз келуші - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, сот шешімімен елден шығаруға жататын тұлғаларды анықтау, көші-қон саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу.

Тек екі күн ішінде 254 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Олардың қатарында:

- ҚР аумағында болу мерзімі аяқталған соң елден шықпаған 64 шетелдік,
- Елден он тәуліктен астам уақыт кетуден жалтарған 114 азамат,
- Визалық режим талаптарына сәйкес келмейтін қызметпен айналысқан немесе еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырған 75 адам,
- Шетел азаматтарын қабылдайтын тұлғалардың заңбұзушылықтары бойынша 90 дерек,
- Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартудың 9 жағдайы анықталды.

Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 33 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Полиция заңсыз көші-қонға қарсы күрес тұрақты түрде жалғасатынын және көші-қон заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру