Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Заңсыз келуші”: Маңғыстауда бір күнде 29 құқық бұзушылық тіркелді

“Заңсыз келуші”: Маңғыстауда бір күнде 29 құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазан айының 2-8 күндері аралығында Маңғыстау облысында “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Шара мақсаты заңсыз көші-қон арналарын анықтауға және жолын кесуге, сонымен қатар көші-қондылықты бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған.

Тәртіп сақшыларымен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, құрылыс нысандары тексеріліп жатыр.

Аталмыш шара аясында облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасымен бір күн ішінде 29 көші-қон заңнамаларын бұзған шетелдік азаматтар анықталды.

Тиісті материалдар ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігі бойынша сотқа жіберілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру