"Заңсыз келуші" ЖПІШ: Қызылордада 61 құқық бұзушылық анықталды
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында облыс аумағында "Заңсыз келуші" ЖПІШ өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара барысында жалпы 61 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 33-і шетел азаматтары тарапынан жасалған. 20 шетелдік республика аумағынан шығарылды. Сондай-ақ көші-қон ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының 28 азаматына әкімшілік шара қолданылды.
- Құрметті қала тұрғындары! Егер шет мемлекеттерден келген азаматтарды жұмысқа тартсаңыздар, олардың құжаттарын заңда көрсетілген мерзімде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рәсімдеп, көші-қон заңнамасын сақтауды қамтамасыз етулеріңіз қажет. Заң талаптарын өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатынын ескертеміз, - деді полиция қызметкерлері.