Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз мал тасымалдаған Отырардың тұрғыны жауапқа тартылуда

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығының алдын алу аясында рейдтік жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ-ның полиция қызметкерлері «Мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл» жобасы бойынша күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар мал тасымалдайтын жүк көліктерін де тұрақты түрде тексеруде. Осындай шара барысында полиция қызметкерлері өзінің басқаруындағы «Ауди 100» маркалы автокөлігімен кетіп бара жатқан жергілікті тұрғынды тоқтатты. Оны тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында бір бас қойдың бары анықталды. Автокөлік жүргізушісі уақ малды көрші ауылда орналасқан мал базарға сатуға ветеринариялық ілеспе құжаттарынсыз, анықтамасыз тасымалдағаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша іркеп, тиісті іс-құжаттар жинақталып, заңды шара қолдану үшін ветеринария қызметкерлеріне жолданды.

Осы тұста полиция қызметкерлері тұрғындарға өз малдарына ие болуды ескертеді. Сонымен қатар қандайда бір малдарыңызды сату үшін, ветеринария қызметкерлерінен тиесілі анықтаманы алуды ұмытпаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру