Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз сексеуіл шапқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының полицейлері 200-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 6-қаңтар мен 5-ақпан күндері аралығында Түркістан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Оның негізгі мақсаты-табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, браконьерлік, балық ресурстарын заңсыз аулау, ағаш кесу және басқа да тәртіп бұзушылықтарды болдырмау.

«Браконьер» жедел-профилактикалық шарасы кезінде полицейлер облыс аумағында 5 экологиялық қылмыс пен 196 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Құқық бұзушыларға миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.

Мысалы, 26.01.2020 жылы Отырар ауданында табиғат қорғау полициясы қызметкерлері сексеуілдің заңсыз кесілгендігін анықтады. Рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары заңсыз шабылған сексеуіл тасымалдаған жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Газ» жүк көлігін тоқтатқан.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 381-1 бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотқа жолданды.

Жалпы, 196 әкімшілік құқық бұзушылықтың ішінде, полиция қызметкерлері жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзу бойынша -133, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша 52 заңсыздықты анықтады және 11 басқа да құқық бұзушылықты анықтады. Тәртіп сақшылары браконьерлерден тіркелмеген 8 аңшы мылтығы, 400 кг астам заңсыз ауланған балық пен балық аулау құралдарын тәркіледі.

 

«Браконьер » жедел-профилактикалық іс-шарасы 2020 жылдың 5 ақпанына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру