Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткердің әмиянын ұрлаған қарағандылық ұсталды

Қарағанды облысы Осакаров ауданының полицейлері зейнеткерден ұрланған ақшаны қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осакаров ауданының полиция бөліміне 13 қыркүйекте келесідей хабарлама түсті: белгісіз ауылдардың бірінде 66 жастағы зейнеткерден соңғы ақшасын – 80 мың теңгені ұрлап кеткен.

Жәбірленушінің сөзінен, таңертең дүкенге барып келді, үйге келгеннен кейін, әмиянды кіреберісте қалдырып кеткен. Белгісіз ұры осы жағдайды пайдаланған.

Полиция қызметкерлері дер кезінде күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол 50 жастағы ауылдасы болып шықты. Оның дүкеннің және жәбірленушінің үйінің жанында айналшақтап жүргенін куәгерлер көрген. Ұры жасалған қылмысты мойындады.

Бастысы, полицейлер зейнеткерге оның жиналған ақшасын қайтарып берді.

Қазақстан Республикасының 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру