Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткер көмекке келген полицейге алғыс айтты

Петропавлда зейнеткер тазаланған суағарлар үшін учаскелік полиция инспекторына алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО аумағында өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған тұлғалармен жұмысты күшейтті. Онымен қоса, азаматтардың өтініштерін қабылдау, оларға ден қою сияқты жұмыстар да жетерлік. Соған қарамастан, күшейтілген жұмыс тәртібі кезінде де полицейлер, ұдайы көңіл бөлуді қажет ететін, жалғыз басты қарияларды назардан тыс қалдырмайды.

– Тәртіп сақшылары қызмет көрсететін учаскесі аумағында тұрып жатқан қариялардың біреуінің үйіне күн сайын барып тұруға уақыт бөледі, – деп айта кетті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Бірінші кезектегі міндет – жағдайлары дұрыс па, қалыпты ма екендігін шолып өту, түнгілікте есіктерін жауып жатуды естеріне салу, жаңа алаяқтық фактілері болған жағдайда, алдап-арбаудың жолдары жайлы айтып ескерту. Учаскелік полиция инспекторлары өз байланыс нөмірлері, аты-жөндері көрсетілген карточкаларын міндетті түрде беріп, көмек қажет болған жағдайда кез-келген уақытта байланыса алатындықтарын ескертеді. Біз әр тұрғынның, әсіресе, егде жастағы адамдардың өз учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлерін білгенін қалаймыз.

Петропавл қаласындағы Береке ықшам ауданында жалғыз тұратын 68 жастағы зейнеткер, үйінің жанындағы жыраның суағардың жабылып қалғанын көріп, ойланбастан өзіне полиция капитаны Жамбыл Топаевқа жүгінеді.

Телефонмен хабарласып: «Жалғызбын, кімге жүгінерімді білмеймін» – деген. Полицей суағарды зейнеткердің көршісі үйінің алдында тұрақ істемек болып, жауып тастағанын анықтайды. Қалалық ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық)  бойынша жауапқа тартылды. Жамбыл Топаев мұнымен шектеліп қоймай, суағарды тазартуды ұйымдастырып, көмек көрсеткен.

– Бұл, әрине, біздің міндетіміз емес, – деп түсіндірді ол. — Бірақ мен полицияға жұмысқа адамдарға көмектесу үшін орналастым. Бұл жағдайда көмек тек бір тұрғынға ғана емес, көшедегі барлық адамдар үшін де қажет болды, себебі олардың бәрінің жағдайы суағар таза болуына байланысты.

Зейнеткер полицейге жылы лебізін білдірді, ал полицей болса күнделікті жұмысына кірісіп кетті.Барлығы СҚО-да 289 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді. Операцияның екі күнінде олар басқа бөліністің қызметкерлерінің көмегімен 249 шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарды тұрғылықты жері бойынша, пробация қызметінде есепте тұрған 317-ні, тұрмысы қолайсыз 171 отбасын – барлығы есепке алынған санатындағы 1327 адамды тексерді. Шартты түрде босатылған адамдар тарапынан белгіленген шектеулердің 15 бұзушылығы анықталды – бірнеше рет бұзылған жағдайда полиция сотқа ұсыным жібереді және шартты түрде босатудың күшін жою және оларды қамауға алу орындарына қайтару туралы мәселе көтереді. Сондай-ақ, отбасылық жанжал құмарлар тарапынан 10 заң бұзушылық тіркелді.

Одан бөлек, полиция қару иелерін, шетелдіктерді, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды тексеріп, жалдамалы тұрғын үйлерді ерекше бақылауда ұстайды. Тек екі күннің ішінде облыс полицейлері 5 мыңнан астам пәтерді, жеке үйлер мен саяжайларды тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру