Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткердің әшекейлерін ұрлаған өскемендік азамат қолға түсті

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында зейнеткердің үйіне заңсыз кіріп, әшекейлерін ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында Өскемен қаласының ПБ Үлбі полиция бөліміне 66 жастағы зейнеткер хабарласып, әшекейлерінің қолды болғанын айтқан. Оның айтуынша, сол күні оның үйіне осыған дейін таныс емес ер адам кіріп, шкафта тұрған алтын жүзік, күміс алқа, күміс сырға және басқа да әшекейлерін ұрлап кеткен. Зейнеткерге келтірілген материалдық шығын 85 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде бұрын сотталған 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол ұрланған мүліктің кейбірін қайтарып, ұрлық жасағанын мойындады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру