Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткердің көлігін заңсыз айдап кеткен теміртаулық қолға түсті

Зейнеткердің көлігін заңсыз айдап кеткен теміртаулық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусымда 66 жастағы тұрғын Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ-ның Шығыс полиция бөліміне хабарласқан. Зейнеткер белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласында тұрған өзіне тиесілі автокөлікті ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын мөлшері 800 мың теңгені құрайды.

Біраз уақыттан кейін облыстың ПД патрульдік полиция батальонының жасағы Теміртау көшелерінің бірінде ұрланған көлікті байқады. Полиция дереу әрекет етіп, 33 жастағы ер адам басқарған көлікті ұстады. Ол кінәсін мойындап, тек көлікпен қыдыруды көздегенін түсіндірді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Ұрлық мақсатынсыз автокөлікті заңсыз тартып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру