Зейнеткерге көмек көрсетілді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған зейнеткер Павел Макаровқа мекеме қызметкерлері дәрі-дәрмекке қаржылай көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павел Дмитриевич ұзақ уақыт бойы түзеу мекемесінде қызмет атқарып, құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан азамат. Ол ұзақ жылдар бойы түзеу мекемесінің ыстығы мен суығына төзіп, өзінен кейінгі жастарға үлгі болып келді.
Өкінішке орай, уақыт өте келе денсаулығы нашарлап, бүгінде төсек тартып жатыр. ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері зейнеткердің хал-жағдайын сұрап, қиын сәтте жанынан табылған жан-жарына, Павел Макаровқа әрдайым тілекші екендігін айтты. Павел Дмитриевичтің жары мекеме қызметкерлеріне алғысын білдіріп, оларға сәттілік тіледі.