Зерттеу: Қазақстан полициясына деген сенім артып келеді
2019 жылы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі артып келе жатқанын көрсетті,-деп хабарлады Polisia.kz.
Сауалнамаға сәйкес, полиция органдарына респонденттердің 38,3 пайызы толықтай келісетінін, 51,2 пайызы ішінара келісетінін айтты.
Бұл туралы Сенатта өткен Үкімет сағаты барысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, министр халықаралық тәжірибені ескере отырып, полиция қызметінің тиімділігін бағалау құқықтық статистикаға негізделген және әлеуметтік зерттеулерге негізделген сапалы сандық өлшемдер бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.
– Бұл қойылған міндеттерді орындауға бағытталған статистикалық көрсеткіштер үшін тәуекелдерді барынша азайтатын бағалаудың теңдестірілген жүйесі, – деп атап өтті Тұрғымбаев.