Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жағдай тұрақты: ІІМ басшысы жаңа жыл қарсаңында кезекші нарядтарды құттықтады

ІІМ басшысы жаңа жыл қарсаңында кезекші нарядтарды құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жаңа жыл қарсаңында астаналық гарнизонның бөлімшелерімен жүріп өтіп, олардың қызмет атқаруын және жол қауіпсіздігін тексерді.

– Елдегі жағдай тұрақты. Бүгінде 30 мыңға жуық полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері еліміздің көшелерінде қызмет етіп, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, – деп атап өтті ведомство басшысы.


Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде бір жарым мың қызметкер жұмыс істеуде. Жедел басқару орталығы қаладағы жағдайды бақылауды қамтамасыз етеді. Нарядтар келіп түскен барлық хабарламаларға жедел жауап береді. Қазіргі уақытта мыңға жуық қоңырау келіп түскен, олардың басым бөлігі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы (тыныштықты бұзу, отбасылық жанжалдар, қараусыз қалған заттар және шағын жол-көлік оқиғалары).

Ерлан Тұрғымбаев Жаңа жыл қарсаңында қызмет атқарып жатқан полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, азаматтардың тыныштығы кезекші нарядтардың жұмысына байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт тілеп, Ішкі істер министрлігі әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететініне сендірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру