Жайылымнан мал ұрлаған ұры қолға түсті
Қызылорда облысында жайылымнан мал ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қараша күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне Әйтеке би кентінің тұрғыны Абай ауылының мал жайылымынан жеті қойы мен төрт ешкісін белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы арызданған.
Аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті ретінде 51 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.