Жалған ақшадан сақ болыңыз: Полицейлер негізгі қауіпсіздік ережелерін еске салады
Ақмола облысында полицейлер азаматтарды жалған банкноттардан сақ болуға шақырып, негізгі ережелерді еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар жалған ақша табу қылмыс болып саналмайтынын, алайда оны айналымға жіберу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, жалған купюралар негізінен базарлар, дүңгіршектер, жанармай бекеттері және шағын бизнес орындарында қолданылады.
Мысалы 16 қазанда Степногорск қаласында жергілікті тұрғын гүл дүкенінде жалған банкнотпен төлем жасауға тырысқан. Алайда сатушының сақтығының арқасында жалған ақша уақытында анықталып, алаяқтықтың жолы кесілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірқатар ережелерді ұстануға шақырады. Ең алдымен, бейтаныс адамдармен купюраларды айырбастамауға кеңес береді. Көлік немесе жылжымайтын мүлік сатқан кезде банктен алынған ақшаны мұқият тексеру маңызды. Егер сізге күмәнді банкнот кездессе, оны сатуға тырыспаңыз, өйткені бұл әрекет қылмыс болып саналады. Мұндай жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.
Сондай-ақ егер сізге біреу жалған ақша ұсынса, сатушының сыртқы бейнесін, сөйлескен адамдарын және келген көлігін есте сақтауға тырысып, дереу полицияға қоңырау шалыңыз.