Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған банк қызметкері қарағандылықтың 1,1 млн теңгесін алдап алған

Жалған банк қызметкері қарағандылықтың 1,1 млн теңгесін алдап алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 наурызда Қарағанды ​​қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ер адам өзіне белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, белгісіз адам жәбірленушінің есепшотынан қаражат шешіп алуға әрекет жасағандығы туралы айтқан. Белгісіз адам ақша қаражатын жоғалтпау үшін жинақталған ақша бар есепшотты сақтандыруды ұсынды. Жәбірленуші тиісінше «рәсімнен» кейін «сақтандырылған» 1,1 млн теңге көлеміндегі сома өзгенің есепшотында екенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қарағанды ​​облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде Нұр-Сұлтан қаласының 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру