Жалған хабарлама үшін 5 жылға қамалуы мүмкін
Қостанай облысында жасөспірім бомба қойылды деген жалған ақпарат таратқаны үшін 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін,-деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 17 ақпанында Қостанай облысы Рудный қаласының ЖБО 102 пультіне хабар келіп түсті. 30 жастағы ер адамның 40 лет Октября қала көшесіндегі үйде бомба қойылғанын жеткізген.
Ер адамның ұялы телефонынан бейтаныс нөмірден қоңырау шалып,әйел адамның дауысы оның үйінде бомба қойылғандығын хабарлаған.Оқиға орнына барлық мүдделі қызметтер: өрт сөндіру қызметкерлері, жедел жәрдем және құқық қорғау органдарының қызметкерлері шықты.
Көп пәтерлі үйден 22 тұрғын эвакуацияланды. Барлық үйді тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылған жоқ.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2004 жылы туылған кәмелетке толмаған адамды анықтады. Жасөспірім «әйел» даусына бағдарлама арқылы өзгертіліп, қоңырау шалғаны анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық коедкстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ арнайы қызметтердің шығуы бойынша зиянды өтеуді көздейді.
Полицейлер ата-аналарға осындай фактілерді болдырмау үшін алдын алу сипатындағы балалармен әңгімелесулер өткізіп жатыр.