Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жамбылдық жүргізуші құрықталды

Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген жамбылдық жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол ережесін бұзған Toyota camry көлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөлікте тұрған мемлекеттік нөмірдің жалған екендігі анықталды. Жүргізушінің айтуынша, ол өзінің автокөлігіне тиесілі нөмірді шешіп, жалған нөмірді бейнебақылау камераларына түспес үшін тағып алған.

Автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігімен және 590-баптың 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.

Сот шешімімен жүргізуші бір жыл көлік басқару құқығынан айырылып, екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ 15 АЕК (45 945 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру