Жалған несие алатын алаяқтардың саны азаяр емес
Маңғыстау облысында ірі көлемдегі алайықтықпен айналысқан күдіктілерге тергеу жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы аумағында ағымдағы жылдың ақпан айының 17 мен 21 күндері аралығында интернет-алаяқтықтың алдын алу және анықтау мақсатында «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында бір қатар заңсыздықтар орын алды. Оның ішінде DVD және CD форматты дискілерді сату, флеш-картаға әндер жазып, сату, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы алдау, банктен несие рәсімдеу деректер сияқты интернет-алаяқтық қылмыстар тіркелді.
Мәселен, Жаңаөзен қаласы тұрғынының атына екі мекемеден жалпы сомасы 90 000 теңге құрайтын несие алған Б.есімді азаматша ұсталды.
Сондай дерек Ақтау қаласының тұрғынының атына онлайн түрде Д.есімді азаматша «Хоум Кредит Банк» АҚ-нан 1000 000 теңге көлемінде несие алған.
Жаңаөзен қаласының тұрғынының «Халық Банк» карточкасынан 4 000 000 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған Нұр-Сұлтан қаласының Г.есімді азаматшасы анықталып, ұсталды.
Ақтау қаласының тұрғындарына WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы ақшасын көбейтіп беремін деген уәде беріп, «Kaspi.kz» арқылы қаражатын аудартып алған Қарағанды облысының П.есімді азаматшасы анықталып, ұсталды.
Осы деректер Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жоғарыда көрсетілген деректер қоғамда орын алып жатқан алаяқтық қылмысының аз ғана бөлігі.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті интернет-алаяқтықтың көбейіп кетуіне байланысты қарапайым халыққа абай болуды ескертеді.