Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жалған нөмір" ЖПІШ: Абай облысында 240-қа жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

"Жалған нөмір" ЖПІШ аясында Абай облысында 240-қа жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында жол қозғалысы қағидаларын бұза отырып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалануға байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткізілген "Жалған нөмір" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. ЖПІШ қорытындысы бойынша облыс аумағында 240-қа жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Нәтижесінде нөмірлік белгілері оқылмайтын, ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс орнатылған көлік құралын басқарған 53 жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар 17 дерек бойынша көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз, пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген күйде басқару фактілері тіркелді. 3 жүргізуші көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен, сондай-ақ нөмірді тануға кедергі келтіретін құрылғылар мен материалдар қолданылған көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды.

Бұдан бөлек, 1 дерек бойынша көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін орнату фактісі анықталды. Іс-шара барысында 9 жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны белгілі болып, оларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. ЖПІШ аясында 18 көлік құралы айып тұрағына қойылды, оның ішінде 1 шетелдік есепте тұрған көлік құралы бар.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларға көлік құралын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызын ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе көлік құралын мас күйінде басқару, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру