Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облыстық ҚАЖД мекемесінің қызметкерлеріне оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық ҚАЖД мекемесінің қызметкерлеріне оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде кезекті рет шынайы ұрыс-жағдайында ұйымдастырылған «Қамал» оқу-жаттығу жиыны өтті.

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің басшысы және жеке құрам қызметкерлері түгелдей қатысқан оқу-жаттығу жиыны барысында мекемеге жасалған шабуылға тойтарыс беруде қызметкерлердің әдістері мен іс-әрекеттері тағы бір пысықталды.

Атап өтейік, жоспарға сай өтетін мұндай арнайы тактикалық даярлық сабақтары ҚАЖ қызметкерлерінің физикалық және жауынгерлік дайындығын шыңдай түсетіні анық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру