Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД-да мерекелік шара ұйымдастырылды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, әйел қызметкерлерге құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік жиында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ж. Қосжанов ұжымдағы әйел қызметкерлерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың қызметтегі жауапкершілігі мен кәсібилігіне, сондай-ақ мекеме жұмысының дамуына қосып жүрген үлесіне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар ол әйелдердің қоғамдағы және отбасыдағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, адал еңбектері мен қызметке деген жауапкершілігі үшін алғыс білдірді. Мереке қарсаңында бірқатар әйел қызметкерлерге алғыс хаттар табысталып, гүл шоқтары ұсынылды.

Іс-шара соңында әйел қызметкерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілеп, мерекелік көңіл-күй сыйланды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру