Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде сотталғандарға психологиялық тренинг өткізілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде сотталғандарға психологиялық тренинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде көктемнің алғашқы күні барша жұртшылық Алғыс айту күнін атап өтеді. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар да назардан тыс қалған жоқ. Мекеменің психолог аға инспекторы Аяулы Исакова 1-наурыз Алғыс айту күніне орай сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізді.

Сотталғандар шын журектен алғыс хаттарын жазып, сағыныштарымен бөлісті. Іс-шара барысында психолог маманы сотталғандардың бір-біріне құрмет көрсетуін, мейірімділік, адамгершілік танытуы, ата-аналары мен туған-туыстарына сезімдерін білдіруі жайлы дәріс оқыды. Тренинг өткізудегі басты мақсаты — олардың өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын ояту. Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру.

Сонымен қатар Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде бас бостандығынан айырылған сотталған азаматтар арасында «Алғыс айта білген адам
алғыс арқалай алады» тақырыбымен айрықша акция ұйымдастырылды.

Мекеменің психолог мамандары Маржан Сейдуллаева мен Сәуле Әзімханова ұйымдастырған шара көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке — Алғыс айту күнін ерекше атап өтуге бағытталды.

Акция аясында жазасын өтеушілер түзелу жолында барынша қолдау білдіріп, қоғамға қайта бейімделуге барынша жәрдемдесіп жүрген мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне алғыс тілектерін айтты.

– Бүгінгі Алғыс айту күніне өткізілген іс-шара өте жақсы өтті. №25 мекеменің басшылығы мен қызметкерлері басымызға түскен қиыншылықта қолдау білдіріп, осындай тәрбиелік іс-шараларды өткізіп, жаза мерзімін жеңілдетеді. Мекеме әкімшілігі біз сияқты жаза басқан азаматтарды тәрбиелеп, қоғамға оң көзқарас қалыптастырып жатыр. Сол үшін бүгінгі іс-шараны ұйымдастырған психолог мамандарға мың алғыс айтамын, – дейді сотталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру