Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізудің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда азаматтық тұлғалар тарапынан, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердің аумағына, сотталғандардың пайдалануға және сақтауға тыйым салынған заттардың айла-тәсілдермен кіргізу деректері азаймай отыр. Сол себепті тыйым салынған заттарды анықтау, өткізу арналарының жолын кесу және тәркілеу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Премьер-министрімен бекітілген, 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасының талаптарын орындау мақсатында, Жамбыл облысы полиция департаменті, Ұлттық Ұлан және мекеме қызметкерлері бірлесіп, мекемелердің іргелес аумақтарын тәулік мерзімі бойы патрульдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Режимді жақсартуға және тыйым салынған заттарды кіргізу арналарының жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шаралар кешені нәтижесінде, осы жылы 5,5 литр спирттік ішімдік, 878,600 грамм есірткі заттары, 142 телефон тәркіленді.
Мекемеге тыйым салынған заттарды жеткізу кезінде 46 азамат ұсталған, оның ішінде 36 адам ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын бұзғаны үшін ұсталған, оларға шара қолданылды. 10 адам ҚР ҚК-нің 296, 297-баптарымен ұсталды.
Мысал ретінде айта кетсек, айла-тәсілдердің тағы да бір жаңа әдісі, ол ұшақсыз ұшу аппаратымен (дрон арқылы) кіргізбекші болған 5 дерек болды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, барлық азаматтық және басқа да тұлғаларды, ҚАЖ мекеме аумағына сотталғандардың пайдалануына және сақтауына тыйым салынған заттарды тасымалдау заңнама талабын бұзу болып есептелетінін ескертеміз.