Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде "Қақпа алдында кездесу" іс-шарасы ұйымдастырылды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде "Қақпа алдында кездесу" атты іс-шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекемеден босап шыққан азамат қақпа алдында жақындарымен жүздесіп, қуанышпен қауышты.
Іс-шара барысында алдағы еркін өмірге бейімдеу мақсатында Тараз қаласының Мансап орталығының қызметкерлері аталған азаматқа және оның туыстарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті.
Орталық мамандары босап шыққан азаматқа өтінім беру тәртібі, көрсетілетін қызмет түрлері, әлеуметтік қолдау шаралары, қажетті құжаттар тізімі және мекеменің мекенжайы бойынша жан-жақты кеңес берді.
Сонымен қатар іс-шараға учаскелік полиция инспекторы, пробация қызметінің мамандары және жұмыспен қамту орталығының өкілдері қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді және алдағы уақытта қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
"Жақсы сөз – жарым ырыс" демекші, мекеме қызметкерлері азаматқа жаңа өміріне нық қадам басуына бағыт-бағдар беріп, сәттілік тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.
