Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД 2025 жылдың бірінші тоқсанын қорытындылады

Жамбыл облысы полиция департаменті алқасының кеңейтілген отырысында осы жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиын барысында ПД бастығы Бақытжан Малыбаев Мемлекет басшысы мен ҚР Ішкі істер министрінің "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы бөліністердің қызметі туралы есептерді тыңдады.   

2025 жыл – полиция “Заң мен Тәртіп” қорғауында профилактика жылы болып жарияланды. Аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларының басшыларына "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында маңызды бағыттар бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу, полиция жұмысының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

ПД бастығы балалардың құқықтарын қорғау үшін полицияның мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын күшейтуді, мал ұрлығы бойынша профилактикалық жұмысты жандандыруды, мал мен ет өнімдері сатылатын базарларда, сауда орталықтарында рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды.

Ал есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша күштер ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталатын болады.

Отырыста қаралған тағы бір басым бағыт – алаяқтыққа қарсы іс-қимыл.

Жолдардағы апаттық жағдай да күн тәртібінен алынбайды. Апаттар санын азайту үшін бүгінде жол қозғалысын бақылау процесін автоматтандыру бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша кейбір басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына ПД бастығы жіберілген кейбір олқылықтар үшін қатаң ескертулер жасады. Барлық кемшіліктерді қысқа мерзімде жою тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру