Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД басшылығы қала тазалығына жауаптылармен бірге ортақ топ құрды

Жамбыл облысы ПД басшылығы қала тазалығына жауаптылармен бірге ортақ топ құрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ 2025 жылды Профилактика жылы деп жариялады. "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды күшейтті. Осы мақсатта учаскелік полиция инспекторлары тұрғын-үй шаруашылық коммуналдық бөлімінің қызметкерлерімен тығыз жұмыс жасайтын болады. Осы мақсатта Тараз қаласындағы Мәдениет үйінде қала тұрғындарының, учаскелік полиция инспекторларының, округтердің бас инспекторларының, коммуналдық қызмет бақылаушыларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс өтті.

Жаңа жүйе туралы толығырақ Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков, Тараз қаласы ПБ бастығы Ардақ Мадимаров айтып берді. Бұдан былай коммуналдық бақылаушылар (контролер) үйлерді аралау кезінде учаскелік инспекторларға рұқсат етілмеген қоқыс орындары, өз қоқыстарын дұрыс емес жерлерде қалдырған тұрғындар туралы бірден хабарлайтын болады.

Бұл орайда ПД бастығының орынбасары WhatsАpp мессенджерінде ортақ топ ашып, тиімді байланыс орнатуға тапсырма берді.

- ПД бастығының тапсырмасы бойынша мен осы чатта жеке өзім боламын. Біздің қызметкерлер барлық сигналдарға жауап береді. Бірлескен күш-жігерімізбен ортақ қаламызды таза әрі қауіпсіз етейік, - деп Бауыржан Жанаев жиынды қорытындылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру