Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД басшылығы қоғам қайраткерімен кездесті

Жамбыл облысы ПД басшылығы қоғам қайраткерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғам қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы облыстық ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаевпен кездесті.

Кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелер – түрлі қылмыстардың жолын кесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдер тәрбиесі және ата-ана жауапкершілігі талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ұлттық идеология мен қоғамдағы рухани құндылықтарды сақтаудың маңызы сөз болды.

Бауыржан Жанаев полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі – қоғам тыныштығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және халықпен ашық диалог орнату екенін атап өтті. Сәуле Мешітбайқызы жас ұрпақ тәрбиесі және ұлттық құндылықтардың сақталуы – ел болашағы үшін аса маңызды екенін жеткізді.

— Ұлттың болашағы – тәрбиелі жас ұрпақ. Сондықтан қоғамның, ата-ананың жауапкершілікті сезінуі, рухани құндылықтарды сақтауы, тәртіп пен тәрбиені берік ұстануы – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл бағытта құқық қорғау органдары ашық жұмыс істеп, халықпен тығыз байланыста болуы маңызды, – деді қоғам қайраткері.

Кездесу өзара түсіністік пен мағыналы пікір алмасу аясында өтіп, бірлескен жұмыстарды жалғастыру келісімімен қорытындыланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру