Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады

Жамбыл облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин азаматтарды қабылдады. Онда қылмыстық істерді тергеу барысына, полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне, полицияны кадрлармен қамтамасыз етуге байланысты өтініштер мен шағымдар түсті. Тұрғындарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Мәселелерді тиімді шешу үшін қабылдауға қызмет басшылары қатысып, қабылдаудан соң өтініш берушілермен әр істі егжей-тегжейлі талқылады. Қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер полиция генерал-майорының жеке бақылауына алынды.

ПД бастығы полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты әрбір шағым бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, барлық фактілер мұқият тексерілетінін атап өтті.

– Дәстүр бойынша азаматтарды қабылдауға бір күнімді арнадым. Тергеу желісі бойынша көптеген сұрақтар болды. Әр қабылдаудан кейін мен азаматтардың сұрақтары бойынша қылмыстық істерге жауапты тергеушілердің есептерін тыңдаймын. Жеке қабылдау апта сайын өткізіледі. Істерді тереңірек зерделеу үшін тұрғындар өз адвокатымен бірге келе алады, – деді Арманбек Баймурзин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру