Жамбыл облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының ПД бастығы Бақытжан Малыбаев азаматтарды қабылдады.
Көптеген мәселелер қылмыстық істер мен әкімшілік материалдарға, алаяқтық деректеріне қатысты болды.
Тұрғындарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.
– Өкінішке орай, адамдар бейтаныс жандарға сеніп, ақшаларын беруді жалғастыруда. Мұндай деректер мұқият зерделенеді, алаяқтардың құрбандарына біз құқықтық кеңес береміз. Біздің жұмысымызда немқұрайлы қарауға жол жоқ. Әрбір өтініш иесіне жеке назар аудару қажет, – деп атап өтті Бақытжан Малыбаев.
Ол сондай-ақ тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарын жедел және сапалы қарау полиция қызметіндегі маңызды бағыт болып табылатынын айтты. Азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау және мәселенің оңтайлы шешімін табу халықтың полицияға деген сенімін арттырады.
Мысалы Құмшағал шағын ауданының тұрғыны бейнебақылау камералары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды сұрады. ПД бастығы ер адамға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, полиция қызметкерлері аумақты қажетті тексеруден өткізіп, тиісті ұсынысты жергілікті атқарушы органдарға жіберетінін айтты.
Қабылдауға ПД бастығының орынбасарлары, бөлініс басшылары қатысты, Бақытжан Малыбаев оларға бірқатар нақты фактілер бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды.