Жамбыл облысы ПД-да лаңкестік қауіпке ден қою мәселесі пысықталды
Жамбыл облысы ПД-да лаңкестік қауіпке ден қою мәселесі пысықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі қауіпсіздік жағдайында лаңкестік қатерлерге ден қою жылдамдығы мен іс-қимылдардың үйлесімділігі шешуші мәнге ие. Бұл тек қауіптің тиімді түрде бейтараптандырылуына ғана емес, сонымен қатар адамдардың өміріне де тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты Жамбыл облысы полиция департаментінің базасында лаңкестік қауіп туралы ақпарат алынған жағдайда кезекші қызмет пен жедел басқару орталығы инспекторларының іс-әрекеттерін пысықтауға арналған оқу-жаттығу сабағы өтті.
Іс-шара ықтимал қатерлерге ден қою тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар аясында өткізілді. Мұндай жаттығулар алғашқы әрекет ету алгоритмдерін жетілдіруге және қызметкерлердің кәсіби дайындығын арттыруға септігін тигізеді.
Жаттығу барысында қатысушылар әрекеттердің кезең-кезеңімен орындалуын, дабыл сигналы түскен сәттен бастап ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруға дейін пысықтады.
Келіп түскен ақпаратты бастапқы саралауға, басшылықты жедел хабардар етуге, кезекші күштерді шұғыл хабарландыру жүйесін іске қосуға, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабпен және басқа да қызметтермен үйлесімді іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ лаңкестік қатер белгілері бар телефон қоңыраулары бойынша әрекет ету тәртібі қарастырылды. Қызметкерлерге әрекет ету кезеңдерінің барлығын құжаттаудың маңыздылығы мен ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі еске салынды.
Жаттығу қорытындысы бойынша ЖБО инспекторлары мен кезекші қызмет қызметкерлері регламенттер бойынша сенімді білімдерін және жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсетті. Белгілі бір рәсімдерді нақтылау және шынайы жағдайларға барынша жақын ортада тәжірибелік дағдыларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.
Мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп, лаңкестік қатерлердің алдын алу мен оларға уақтылы ден қоюдың маңызды бөлігі болып табылады.