Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 170 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Жамбыл облысында 170 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылғы 1 маусымнан бастап «Қарасора – 2023» кең ауқымды республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды. 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрамында жабайы өсетін каннабисті жою жөнінде іс-шаралар өткізді.

Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалана отырып, 188 гектар құм алдындағы аумақта жабайы қарасора шабылып, кейіннен өртелді. Яғни, 170 тонна 628 келі қарасора тұқымдас өсімдік жойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру