Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында "Қарасора-2020" жедел алдын алу шарасы барысында екі тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша 2020 жылдың 1 маусымынан басталған "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің үш айы ішінде есірткі тәртібін бұзудың 209 дерегі анықталды, оның ішінде 30 дерек - ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтау), 12 дерек - ҚР ҚК 297-бабы бойынша (Есірткі құралдарын өткізу), екі дерек - ҚР ҚК 286-бабы бойынша (Есірткі құралдарының контрабандасы), 22 дерек - ҚР ҚК 300-бабы бойынша (Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру), ҚР ҚК 296-бабы 1-бөлігі бойынша - 85 дерек (Есірткі құралдарын пайдалану), ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша - 44 дерек (Есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау), ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша - 14 дерек (Ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау).

Заңсыз айналымнан екі тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Оның ішінде 1 тонна 900 келіден астам марихуана, 27,5 келіге жуық гашиш, бір келі синтетикалық есірткі және екі келіге жуық канабис шайыры бар.

8 қыркүйекте "Карасора-2020" жедел- алдын алу іс – шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" трассасында ПД ППБ-мен бірлесіп, "Лада Грант" автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында қызметтік ит Барон 32 жастағы алматылық жүргізушіден салмағы 226,5 грамм гашиш пен 820 грамм кептірілген марихуана тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру