Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 3,2 млн теңгенің құбырын ұрлаған күдіктілер қолға түсті

Жамбыл облысында 3,2 млн теңгенің құбырын ұрлаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisiakz

5 қарашада Байзақ АПБ-ға құрылыс ЖШС-нің бірінен 30 қазан мен 31 қазан аралығында белгісіз тұлғалар Тараз – Сарыкемер тас жолының бойында газ құбырлары жүргізіліп жатқан құрылыс орнынан мекемеге тиесілі жеті полиэтилен құбырын ұрлап кеткендігі туралы арыз түскен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі – 3,2 млн теңгеге жуық. Аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар Т. Рысқұлов ауданының 43 және 33 жастағы тұрғындары анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Күдіктілер кінәсін толықтай мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ірі мөлшедегі ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру