Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 5 жалған террорист ұсталды

Жамбыл облысында 5 жалған террорист ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Жамбыл облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы 273-бабы бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарламаның 5 дерегін тіркеді. Арнайы техникалық құралдардың көмегімен қылмыс жасаған адамдар анықталып, ұсталды.

Мысалы, 2 қазанда Талас ауданының 36 жастағы тұрғыны Қаратау қаласындағы орта мектепте жұмыс істейтін бұрынғы әйелімен ұрысып, оқу орнының қабылдау бөлмесіне қоңырау шалып, мектептің шатырына бомба қойылғаны туралы хабарлады.

Тағы бір оқиға Шу ауданында болды. 24 қарашада Төле би орта мектебінің 25 жастағы ағылшын тілі мұғалімі өз пәні бойынша ашық сабақты тоқтату мақсатында «102» пультіне қоңырау шалып, өзі жұмыс істейтін мектепте жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлаған.

Барлық күдіктілер ұсталды, олардың әрқайсысы ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы жалған хабарлама) бойынша 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру