Жамбыл облысында 51 жастағы жүргізушіден 4 келіге жуық гашиш тәркіленді
Жамбыл облысында 51 жастағы жүргізушіден төрт келіге жуық гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 қыркүйекте «Қарасора – 2020» республикалық жедел- алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері Ұлттық ұланның №5518 әскери бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Шу ауданының Мойынқұм ауылында «Мазда Кронус» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісін ұстады.
Автосалонды тінту барысында 3 келі 660 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.