Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 7 келіден астам марихуана табылды

Жамбыл облысының 30 жастағы тұрғынынан жеті келіден астам марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қыркүйекте “Қарасора-2020” жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері Меркі ауданы, Тәтті ауылының маңындағы құмға жақын аумақта 30 жастағы ер адамды ұстады. Одан жеті келіден астам кептірілген марихуана есірткі заты табылды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру