Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында «Балалар есірткіге қарсы» атты іс-шара өтті

Жамбыл облысында «Балалар есірткіге қарсы» атты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласындағы №13 орта мектепте «Балалар есірткіге қарсы» тақырыбында есірткіге қарсы кездесу өткізіліп, осы мазмұндағы роликтер көрсетілді.

Іс-шараға Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы», «JANUIA medical centre» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі, «Радонеж» орыс қауымдастығы, өзбек, неміс, еврей ұлттық-мәдени орталықтарының төрағалары, сондай-ақ мектеп басшылығы, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Мектеп оқушылары денсаулықты сақтаудың сенімді жолы – спортпен шұғылдану, жеке гигиенаны сақтау және есірткіге жол бермеу деген қорытындыға келді.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, патриоттықтәрбие болып табылады.

– Кездесу барысында қатысушыларға есірткіге қарсы мазмұндағы бүктемелер таратылды. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс себептерінің бірі – есірткімен байланысты. Есірткі ұл балалар мен қыздарды әртүрлі қылмыстар жасауға, тіпті ата-аналарды алдауға итермелейді. Дені сау адамның мақсаты көп, ал нашақордың бір ғана мақсаты бар, – деді Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру