Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында балалар лагерінде есірткіге қарсы акция өтті

Жамбыл облысында балалар лагерінде есірткіге қарсы акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талас ауданындағы "Жұрындысай" балалар лагерінде "Есірткіге қарсымыз!" ұранымен нашақорлыққа қарсы акция өтті.

Лагерьде демалып жатқан балалар үшін бұл күн спорт пен шығармашылық мерекесіне айналды.
Іс-шараны Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен облыс әкімдігінің білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

— Біз балалармен маңызды тақырыптарды ашық әрі еркін форматта — ойындар, сайыстар мен жеке үлгі көрсету арқылы талқылауды жөн көреміз. Осылайша балалар есірткі — бұл тығырыққа апарар жол, ал спорт, достық пен шығармашылық — бұл шынайы өмір екенін түсініп, өздері дұрыс таңдау жасай алады, — деді ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.

Іс-шара спартакиадамен ашылды. Сурет салу байқауында қатысушылар күн шуағы, велосипедтер, футбол доптары мен "Есірткіге қарсымыз!" деген жазулар жазу арқылы салауатты өмір салтын қалай елестететіндерін бейнеледі.

Күн соңында полиция қызметкерлері мен ұстаздардың қатысуымен ақпараттық кездесу өтті. Еркін әрі достық атмосферада олар балалармен есірткінің зияны және өз денсаулығына ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы әңгімелесті.

Жеңімпаздарға медальдар мен мақтау қағаздары табысталып, әрбір қатысушыға ақпараттық брошюра үлестірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру