Жамбыл облысында бір тәулік ішінде 700-ге жуық ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды
Жамбыл облысында бір тәулік ішінде 700-ге жуық ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының аумағында 2021 жылдың 23 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында республикалық кең көлемді "Құқықтық тәртіп" және облыстық "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.
Жоғарыда аталған жедел алдын алу іс-шараларын өткізуге қатысты әлеуметтік желілерде барлық қалалық және аудандық полиция бөлімдері мен жол-патрульдік полиция бөліністерінің бейнежазбалары орналастырылды.
Жамбылдық полиция қызметкерлерінің үйлесімді және мақсатқа бағытталған жұмысының нәтижесінде облыс аумағында алғашқы тәулікте ешқандай жол-көлік оқиғасы орын алған жоқ.
Тәртіп сақшылары 700-ге жуық ЖҚЕ бұзушылықты анықтады, оның ішінде ҚР ӘҚБтК баптары бойынша:
- 608-бап бойынша (Көлік құралын мас күйінде басқару) – 9 дерек– он бес тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған;- 612-баптың 3-бөлімі (КҚ басқару құқығынан айырылған басқаруы) - 3 дерек - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе он тәулікке әкімшілік қамауға алу көзделген;
- 590-баптың 9-бөлімі бойынша (Техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) – 44 дерек;
- 591-бап бойынша (Ұялы телефонды пайдалану) – 49 дерек;
- 593-бап бойынша (Қауіпсіздік белдігін тақпау бөлігінде) – 96 дерек;
- 595-бап бойынша (Маневр жасау ережелерін бұзу) – 42 дерек;
- 596-бап 3-бөлімі (Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу) – 3 дерек;
- 599-бап бойынша (Бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп кету) – 21 дерек;
- 600-бап бойынша (Жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу) – 14 дерек;
- 606-бап бойынша (Апаттылық жағдай жасау) – 11 дерек;- 612-баптың 1-бөлімі бойынша (КҚ басқару құқығы жоқ құжаттарсыз басқару) – 30 дерек;- 615-бап бойынша (Жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуы) – 89 дерек;
- 24 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.
Қазіргі таңда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғау бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті.