Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды

Жамбыл облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулылардың орындалуын бақылауды күшейту мақсатында 2020 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында Жамбыл облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Әкімшілік айыппұл салынған жағдайда, жеті тәулік ішінде Сіз көрсетілген айыппұл сомасының 50% төлеуге құқылысыз. Осы мерзім өткеннен кейін толық сомаға әкімшілік айыппұл салынады.

Әкімшілік айыппұл қаулы заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде төленуге тиіс.

Әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлеу орындалмаған жағдайда, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде ол өңірлік сот орындаушылары палатасына жіберіледі, олар мүлікке, шоттарға, банк қызметтеріне тыйым салуға, сондай-ақ шекарадан өтуге шектеу қояды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті электронды Үкімет порталы арқылы айыппұлды онлайн режимінде төлеуге болатынын еске салады egov.kz, сайтта qamgor.gov.kz, Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында. Төлемнің келіп түскені туралы мәліметтер дереу деректер базасына түседі және айыппұл өтелген болып есептеледі, полиция органдарына түбіртекті ұсынудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру