Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында «Допинг» жедел-алдын алу шарасы өтуде

Жамбыл облысында 22-26 ақпан аралығында «Допинг» республикалық кең ауқымды жедел-алдын алу шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Допинг» жедел- алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері түрлі есірткі құқық бұзушылықтарының сегіз дерегін анықтады. Олардың бесеуі – аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын өткізу мақсатында және оны заңсыз сақтауға қатысты қылмыстар, сондай-ақ қоғамдық орындарда есірткіні медициналық мақсатта емес қолдану.

Сондай-ақ, полицейлер екі әкімшілік теріс қылықты: есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорлар айналымы саласындағы нысандар мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарының бұзылуын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы заттар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет қағидаларының бұзылуын анықтады.
22 ақпанда заңсыз айналымнан 670 грамм 19 миллиграмм гашиш, 1 келі 652 грамм марихуана, күшті әсер ететін «Прозерин-Д» дәрісінің 10 ампуласы, «Дигоксин» дәрісінің 10 орамы, ауырсынуды басатын «Трамадол» дәрісінің 13 орамы алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру